Алматы қалалық полиция департаменті Өзбекстан метросында ер адамдардың қолынан ұстап, пранк жасаған алматылық блогерге қатысты әкімшілік іс тіркелгенін хабарлады, деп жазады qandastar.kz.
Ведомствоның мәліметінше, блогердің әрекеті «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатыр.
Белгілі болғандай, ол бұған дейін Қытайда да ұқсас пранк жасап, қоғамда наразылық тудырған. Сол кезде құқық қорғау органдары блогермен профилактикалық әңгіме жүргізген болатын.



