Ташкент тұрғынына АҚШ президентінің үстінен шағымдану мақсатында мас күйінде полицияға қоңырау шалғаны үшін 1,2 млн сум айыппұл салынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы ArbatMedia-ға сілтеме жасап.
Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешімді Ташкенттегі сот шығарды.
Ер адам «102» қызметіне жалған қоңырау шалды деп айыпталды.
Соттың мәліметінше, қоңырау 1988 жылғы азаматтан түскен.
Қоңырау кезінде ол жағдайды «реттеуді» талап етіп, АҚШ президенті Дональд Трамп Николас Мадуроны «ұрлап кеткенін» мәлімдеген.



