ЖаңалықтарСпорт

Өзбекстанда жүрген Головкин Мирзиёевпен жүздесті

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласында World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Головкин пен Мирзиёев олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады.

World Boxing халықаралық федерациясының президенті Өзбекстанның Азия аймағында боксты дамытуға белсенді үлес қосып келе жатқанын, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырудағы тәжірибесін атап өтті.

Сондай-ақ жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, халықаралық ұйымның өңірде боксты дамытуға бағытталған ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button