ЖаңалықтарШоу бизнес

«Өзекті тақырып көп»: Депутат елді арзан әңгімеден арылуға шақырды

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов елдің назарын танымал тұлғалардың жеке өмірінен гөрі қоғамға пайдалы мәселелерге аударуға шақырды, деп хабарлайды qandastar.kz

Журналистің Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның арасындағы дауға қатысты сұрағына депутат «Мұндай тақырыптар мені қызықтырмайды. Өзгенің жеке өміріне араласу — менің ісім емес», – деп жауап берді.

Асхат Аймағамбетов қоғамда назар аударуға тұрарлық өзекті тақырыптардың көп екенін атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект сияқты бағыттар қоғамның дамуына серпін береді, сондықтан көпшілік уақыты мен назарын пайдалы контентке арнауы тиіс.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button