Қазақстан ұлттық құрамасының ресми аккаунты қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп жазады qandastar.kz порталы.
Ұлттық құраманың ойыншысы Максим Самородов пен жұбайы Анастасия алғаш рет ата-ана атанды.
«Қазақ еліне +1 ару! Максим әке атанды! Ұлттық құраманың ойыншысы Максим Самородов алғаш рет әке атанды. Біз Максимді және жұбайы Анастасияны тұңғыш рет ата-ана атануымен құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тілейміз! Бауы берік болсын!» — деп жазылған онда.
Футбол сүйер қауым ізгі тілектерін білдіріп жатыр.



