Жаңалықтар

Өзі өлсе де, 4 адамның өмірін сақтап қалды

 

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордан төрт пациентке ағзаларды сәтті трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды qandastar.kz Ulyssport.kz сілтеме жасап.

Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Марқұмнан жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды.

1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантатталды, осылайша ол елдің төрт азаматының өмірі сақтап қалды.

Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және «University Medical Center» КҚ, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында «екінші өмірге» мүмкіндік алды.

ТҮЖМҚРО деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған 7 донор 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылғы 25 қазандағы ақпарат бойынша қайтыс болған 6 донор 23 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берген.

2024 жылғы қазан айына Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталығының күту парағында бүйрек, бауыр, жүрек және «жүрек-өкпе» кешеніне трансплантаттауды қажет ететін 4080 пациент бар.

Әлемдік тәжірибе растағандай, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық трансплантологияны дамытудың ең перспективалы әдісі. Өкпені немесе жүректі күтетін пациенттер үшін бұл өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі екенін айта кеткен жөн.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close