
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен продюсер Мөлдір Мұқанның Дубайда білім алып жатқан қызы елге орала алмай жатқанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айта кетері, Таяу Шығыстағы күрделі жағдайға байланысты әуе кеңістігі жабық болған еді.
«Дубайдағы соңғы жаңалықтарды естіген шығарсыздар. Бірақ мен бұл туралы фото, не видео салғым келмейді. Бұл елде 5 жыл тұрып, қаншалықты қауіпсіз екенін жүрегім сезеді. Сабақ 8 наурызға дейін онлайн. Өзімді карантиндегідей сезініп жүрмін.
Күнде жоспар қойып, үнемі қозғалыста жүретін мен үшін тоқтап қалу қиын екен. Істейтін нақты нәрсе болмаған кезде өзімді біртүрлі сезінемін.
Ал «елге неге қайтпайсың?» дегендерге — Вы думаете, я не хочу?
Рейстер отменяют, самолёты не летают, небо закрыто. Ата-анам әр 5 минут сайын хабарласып, переживают.
Егер отбасым жанымда болса, өзімді әлдеқайда қауіпсіз сезінер едім. Ал, менің қалымды сұрап ,жазып уайымдағандарыңызға рахмет. Менде барлығы жақсы», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп жатыр.



