ЖаңалықтарШоу бизнес

«Өзімдікі қашан болады»: Жахан Отарғалиев үшінші әйелінің балалары туралы ашық айтты

Белгілі әзілкеш Жахан Отарғалиев жаңа отбасы жайлы алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Актердің айтуынша, үшінші әйелінің балаларына өзін «әке» деп атауға рұқсат бермейді екен.

«Өздерінің әкелері бола тұра, мені «әке» деп айтқызғаным дұрыс емес. Қанша жерден қиналсаң да, басыңа түсіп тұрғандықтан олай істеуге болмайды. Олардың өз әкесі бар. Сондықтан біз басынан-ақ танысқан кезде «Мен сіздерге көкемін, мен сіздердің қолдаушыңызбын, кез келген уақытта сіздерді қорғаймын, бірақ мен сіздерге көке боламын» дедім. Түсіндірдім. Оларды туған қызымдай жақсы көремін, қолдаймын, дегенмен жүректің түбінде «Өзімдікі қашан болады?» деген тұрады екен», — деді ол Revuenews-қа берген сұхбатында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button