Жаңалықтар
Өзіме келе алмай өксідім: Ырысбала Икрамбай ұлды болды
Фото: ашық дереккөз
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай ұлды болды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Отандық блогер өзінің Instagram парақшасында дүниеге Расул есімді ұл баланы дүниеге әкелгенін айтты.
– Ал, Расул Романұлы анаңның құрсағынан әкеңнің құшағына қош келдің! – деді ол.
Сәби 39 апта 5 күнінде, бойы 56 см, салмағы 4 келі 300 грам болып туылған.
– Жарты сағат өзіме келе алмай өксіп, айқайлап жылап алдым-ау. Шүкір барлығы артта қалды. Жүрек деген адамның моторы екен. Тоқтап қалса, сен де еріксіз тоқтайсың. Керісінше зуылдаса, ілесе алмай қаласың. Тура толғақ уақытында Іштегі баланың да, менде де тахикардия болып жаным көзіме көрінді. Есімді жоғалтып, не болып жатқанын түсінбеймін, қабылдамаймын. Өлдім деп ойлап кәлимаға тілім келмей жатты бұрмаланып, – деді блогер.