ЖаңалықтарШоу бизнес

«Өзімізге кірісуге тура келіп жатыр»: мейрамханаларды аралаған танымал заңгер желіде қолдау тапты

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, өз жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Заңгер мейрамханаларды аралап, қазақ тілінің дәрежесін тексеруді бастады.

«Биліктегілер әрекетсіздік танытып отырғаннан кейін, өзімізге кірісуге тура келіп жатыр.

Егер әр жексенбі осылай шығып қазақ тілін таптағандарды жөнге салып отырсақ, маған қосыласыздарма?

Бүгін бірнеше мейрамханаларға кіріп, тіліміздің тұғырын көтеріп қайттық.

Қуантарлығы ешкім менімен сөз таластырмай( көбісі мені танитын болып шықты), айтқаныма көніп, түзетіп жатты», — деп жазды ол.

Оқырмандары заңгерді қолдап, пікір қалдырып жатыр.

«Осындай заңгерлер көбейсін», «қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып,мерейін көтердіңіз» және «керемет» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button