Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Өзін «рухани тәлімгер» деп атаған Назарбаевтың немересі адамдарға көмектеспек

Нұрәлі Әлиев «тәлімгер» ретінде адамдарға мақсатты өмір сүруге және әлемге маңызды ықпал етуге көмектесуді мақсат тұтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Kursiv.Media-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы экс-президенттің немересі негізін қалаған «Spark of Light» қозғалысының сайтында жазылған.

«Нұрәлидің жұмысы айқын миссияға негізделген: адамзаттың санасының, айқындығының және ішкі үйлесімділігінің жоғары деңгейіне жетуіне қолдау көрсету. Оның мақсаты – адамдарға өз шындығымен қайта байланысуға, өмірлерін мақсатты түрде құруға және әлемге маңызды әсер етуге көмектесу», — делінген сайтта.

Бұл қозғалыстың миссиясы – түпкілікті трансформация.

Айта кетері, қозғалыстың қатысушылары 3 қаңтарда Дубайда алғашқы іс-шарасын өткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button