Жаңалықтар

Өзіне қол жұмсаған Алматы университетінің студенті экс-шенеуніктің ұлы болып шықты

Фото: Видеодан скрин

Күні кеше Almaty Management University баспасөз қызметі студенттің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпаратты растады. Марқұм студент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысының бұрынғы орынбасары Болат Берсебаевтың ұлы болып шықты. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Бигелді Ғабдуллин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Болат Берсебаевқа көңіл айтты.

«Болат Берсебаевқа және оның жақын туыстарына AlmaU университетінде оқитын ұлы Дәулеттің қазасына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын», – деп жазды журналист.

Болат Берсебаев КазТАГ ақпарат агенттігінің иелері Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың атышулы ісінде куәгер болды. Ол бұған дейін Ақпараттандыру және байланыс комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Сотта ол шынымен де, өкілеттілігін асыра ҚазТАГ-пен келісім жасасқанын, бірақ ешқандай жауапкершілік арқаламайтынын мәлімдеді. Сейітқазы және Әсет Матаевтар тиісінше 5 және 6 жылға сотталып, 2022 жылы Жоғарғы сот оларды толығымен ақтап шықты.

Мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін Болат Берсебаев «Сана» Саяси-әлеуметтік технологиялар орталығы» ЖШС тіркеп, мансабын саясаттанушы ретінде жалғастырды.

Болат Берсебаевтың еңбек жолына үңілсек, ол 2008 жылдары Президент баспасөз хатшысының орынбасары, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, 2008-2010 жылдары «Арна медиа» ұлттық холдингінің басқарушы директоры және Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарған. 2014 жылдары «НҰР-Медиа» ЖШС Бас директор ретінде тағайындалғанға дейін Болат Берсебаев «Нұр Отан» партиясы Хатшысының міндетін атқарушы лауазымында қызметте болды, «Нұр-Медиа» ЖШС Қадағалау кеңесін басқарды. Кейін «Нұр-Медиа» холдингін бұған дейін басқарған Ерлан Байжановтың басқа қызметке ауысуына байланысты ол лауазымынан босатылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close