Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар Instagram парақшасында бойжеткенмен түскен суретін жариялап, желі қолданушылары арасында қызу талқы тудырды, деп жазады qandastar.kz.
Спортшы жазбасына қысқа әрі жұмбақ сипаттама қалдырған:
«Шулатайық».
Бұл сөздер оқырмандар қауымының қызығушылығын одан әрі арттырды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл жазбаны спортшының жақын арада үйленетінін меңзеген ишарасы деп қабылдаса, енді біреулер посттың жарнамалық мақсатта жарияланғанына сенімді. Олардың пікірінше, жазба Еркебұланың гүл бизнесіне байланысты болуы мүмкін.
«Пәк қыз тапқан ба?»,
«Хайп сияқты ғой»,
«Бақытты болсын», — деген пікікрлер жазды.



