Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Пәкістанда Қазақстан президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Пәкістанда Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің  мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button