Қаржы және төлемдер

Пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді

Фото: ашық дереккөз

Сот үкімі заңды күшіне енді, деп жазды qandastar.kz

Таразда колледж директоры мен оған пара берген оқытушының ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.2024 жылдың қыркүйегінде колледж директоры А. өзінің қарамағындағы оқытушы Ш.-дан баласын грантқа орналастыру үшін 80 мың теңге пара алған.

«Сол күні Антикор қызметкерлері директордың кабинетінде тінту жұмыстарын жүргізіп, оның сөмкесінен пара ретінде алынған ақшаны тапты», – делінген хабарламада.

Сот барысында екі тарап та өз кінәсін мойындады. Колледж директоры пара алғаны үшін 25 есе көлемде – 2 миллион теңге айыппұл төлесе, оқытушы пара бергені үшін 15 есе көлемде – 1,2 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар екеуіне де мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close