Жаңалықтар

Парадзюдошы Жүрқамырза Шүкірбеков Қазақстан қоржынына тоғызыншы медальді салды

Фото: olympic.kz

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында парадзюдошы Жүрқамырза Шүкірбеков қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жүрқамырза J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта франциялық Насер Зорганиді қапы қалдырды.

Қазақстандық балуан әуелі вазари ұпайын алды. Содан кейін бар-жоғы бір минутта татами иесін таза жеңді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына тоғызыншы медаль түссе, соның ішінде бұдан бұрын парадзюдошы Ақмарал Науатбек алтыннан алқа тақса, Ерғали Шәмей күміс жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ, Даяна Федосова қола медальді олжалады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жүрқамырза Шүкірбековтің жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Зарина Райфова Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close