Әлем жаңалықтары
Париж-2024: 22 жастағы спортшы қыз жігітімен қыдырғаны үшін Олимпиададан қуылды
Суда жүзуден Бразилия ұлттық құрамасының мүшесі Ана Каролина Виейра жарыстан шеттетіліп, Олимпиададан қуылды, – деп жазады turkystan.kz
Ол Олимпиадада өзі секілді Бразилия намысын қорғайтын жігіті Габриэл Сантоспен бірге бапкерлерден сұранбай, Олимпиада қалашығынан қашып шығып, түнгі Парижді аралап, желіге сурет жүктеген.
22 жастағы спортшы ертесі құрмамамен бірге 4х100 метрге еркін стильде жүзу сайысының іріктеу кезеңіне қатысқан. Нәтижесінде команда 12-орынға табан тіреген.
Бастапқыда құрама басшылары спортшы қызға тек ескерту берген. Өйткені ол 4×100 метрге жүзуден аралас эстафетаға қатысуға тиіс-тін. Алайда спортшы ескертуді қабылдамай, қарсылық көрсеткен. Ақырында команда бапкерлері спортшы мен жігітін жарыстан шеттетіп, Бразилияға қайтару туралы шешім шығарған.