Әлем жаңалықтары

Париж-2024: Ұлы әкесінің 20 жыл бұрынғы олимпиадалық рекордын жаңартты

Фото: ашық дереккөз

Париждегі жазғы ойындарда диск лақтыру жарыстары өтті, онда литвалық Миколас Алекна снарядты 69,97 метрге лақтырып, 2004 жылы орнатылған әкесі Виргилийдің олимпиадалық рекордын жаңартты, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

21 жастағы спортшы Олимпиадалық ойынның финалдық бөлімінде екінші әрекеттенде дискіні 69,97 метрге лақтырды.

Бұл лақтыру кіші Алекнеге әкесі Виргилийдің жетістігін жаңартуға мүмкіндік берді. Бұған дейінге рекордты 2004 жылы Афинадағы Олимпиадада әкесі 69,89 метрмен орнатқан болатын.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close