Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Париж Олимпиадасынан бас тартып, АҚШ-қа жолдама алған

Фото: ашық дереккөз

Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-та өтетін турнирге жолдама алған, деп хабарлайды qandastar.kz  Alash.KZ.сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Цинциннатиде өтетін WTA 1000 турниріне қатысайын деп жатыр.

«Рыбакина US Open 2021 финалисі Лейла Фернандеспен немесе қытайлық Юэ Юаньмен кездеседі», – делінген турнирдің жеребесінде.

Төртінші орынға ие болған Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастайды.

Еске салсақ, Елена Рыбакина өткір бронхитке шалдықққандықтан, Париждегі Олимпиадаға қатыспаған еді. Артынша Юлия Путинцева да денсаулығына байланысты жарыстан бас тартты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close