Әлем жаңалықтары
Париж Олимпиадасында жеңіл атлет жігітіне үйленуге ұсыныс жасады
Фото: ашық дереккөз
Франциялық спортшы Алис Фино Париж Олимпиадасында сайысқа түскеннен кейін жігітіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл атлет 3000 метрге кедергіден жүгіруден төртінші орын алды. Фино бұл қашықтықты 8 минут 58,67 секундта өтіп, Еуропаның рекордын жаңартты.
Мәреге жеткеннен кейін ол көрермен отыратын жердегі сүйіктісіне барды. Ол тізерлеп тұрып, жігітіне үйленуге ұсыныс жасады. Спортшының жігіті келісті, содан кейін олар көрерменнің қошеметіне бөленді.
Сөзінше, 9 жігітінің сүйікті саны екен.
«Біз тоғыз жыл біргеміз. Егер тоғыз минуттан тез жетсем, жігітіме ұсыныс жасаймын деп өзіме айттым. Мен басқалар сияқты болғанды ұнатпаймын. Ол маған әлі ұсыныс жасамағандықтан, «Мұны өзім істеуім керек» деп ойладым, – деді франциялық жеңіл атлет.