Әлем жаңалықтары

Павел Дуров 100-ден астам отбасыға балалы болуға көмектескен

Фото: ашық дереккөз

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров 100-ден астам отбасыға биологиялық әке болуға келіскен, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Дуров парақшасында бұл қадамға қалай барғанын түсіндірген. Айтуынша, 15 жыл бұрын оған досы донор болуға қолқа салған көрінеді.

«Отбасылық мәселеге байланысты олардың балалары болмады. Осылайша досым клиникаға барып, көмектесуімді өтінді», — деп жазды Дуров.

Ал ЭКО клиникада Дуровтың «жоғары сапалы донорлық материалы» бар екені анықталған. Осылайша, мамандар да Дуровқа үмітін үкілеп жүрген отбасыларға қолдау таныта алатынын жеткізіп, “құрметті донор” болуға ұсыныс тастапты. Нәтиже келісіммен аяқталған.

Дуров биыл донорлық белсенділігінің арқасында 12 елдегі жүзден астам жұпқа көмектескен деседі. Енді миллиардер биологиялық балалар болашақта бір-бірін іздеп табуыс деп санайды.

Бұған дейін инстаграм желісінің қолданушысы Ирина Болгар
Дуровтың балаларының анасы екенін айтқан болатын. Алайда кәсіпкер мұны растамады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close