Жаңалықтар

Павел Дуров Қазақстанда не істеп жүр – министр жауабы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев  ресейлік Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгенін айтты,-деп хабарлайды Qandastar.kz

«Павел Дуров осында жүр, Қазақстанды көргісі келеді. Өзге қалаларда да (Астанадан басқа – ред.) болуы мүмкін. Қазір жоспарды пысықтап жатырмыз. Өте қызығушылықпен келіпті. Бұйырса, келешекте табысты жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын. Әзірше қазір нақты жобалар туралы ештеңе айта алмаймын. Бірақ оған Қазақстанның ұнауы үшін, бұл жақтан бірлескен технологиялық бойынша үлкен келешек көруі үшін бәрін жасаймыз. Жұмыс істейміз», – деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысы алдында.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close