Жаңалықтар

Павел Дуровтың Көлсайда шомылған видеосынан кейін ұлттық парк түсініктеме берді

Фото:скрин

Алматы облысындағы Көлсай көлінде Telegram және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың мұздай суға шомылған сәті әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін, жағдайға байланысты «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ресми түсініктеме берді, деп жазды qandastar.kz

Ұлттық парк мәліметінше, Көлсай көлдерінде шомылуға қатаң тыйым салынған, және бұл талап туристік маршруттың ресми төлқұжатында нақты көрсетілген.

«Аталған жағдайға байланысты парк басшылығы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде аумақты қадағалауда салғырттық танытқан жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылады», – деп хабарлады мекеме өкілдері.

Еске сала кетейік, Павел Дуров Telegram желісіндегі Stories бөлімінде мұздай көлге шомылған сәтінің видеосын жариялап, оған: «Тамаша жүздім» деген қысқа жазба қалдырған болатын.

Back to top button