
Павлодарда жеңіл автокөлік күтпеген жерден өртеніп, тұрғындарға алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Бекхожин көшесінде болған.
Төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетті. Өрт ашық аумақта тұрған автокөлікті шарпыған. Жалын шамамен 4 шаршы метр аумақты қамтыған.
Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар автокөліктің өртенуіне не себеп болғанын анықтап жатыр.
ТЖМ көлік иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, автокөліктің техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеруді ескертеді. Әсіресе электр сымдары, аккумулятор, жанармай жүйесі мен қозғалтқыш бөлігінің ақауларына дер кезінде назар аудару маңызды.



