Жаңалықтар

Павлодар облысында «Богатырь Көмір» кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

22 қараша күні «Богатырь Көмір» кенішінде қайғылы жағдай тіркелді. Оқиға салдарынан 30 жастағыі электр сілесірі көз жұмды. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады qandastar.kz.

Павлодар облыстық Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті қазіргі уақытта өндірістегі жазатайым оқиғаға қатысты арнайы тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу нәтижесінде оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері анықталмақ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ТОО «Богатырь Көмір» қызметкері электр тоғына түсіп, алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза болған.

«Еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу бастады. Алдын ала деректерге сәйкес, экскаваторды ауыстырғыш пунктке қосу кезінде марқұм өмірге қауіпті жарақат алған. Қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Back to top button