Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодар облысында отшашудан төрт адам, оның ішінде екі бала зардап шекті

Жаңа жыл түнінде қаланың жедел жәрдем қызметіне пиротехникамен байланысты төрт шақырту түскен, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Петардалар мен фейерверктерден зардап шеккендердің арасында екі кәмелетке толмаған бала бар.

Мәселен, кеуде тұсын термиялық күйік шалған 16 жастағы қыз балаға көмек қажет болды. Ол балалардың облыстық ауруханасына жеткізілді.

Сол ауруханаға қолында петарда жарылған 15 жастағы жасөспірім де жеткізілді. Ол екі көз алмасының және сол жақ қолының термиялық күйігін алған.

«Сағат 01:26-да жедел жәрдем қызметіне Кенжекөл ауылынан хабарласты. Онда қолында «бомбочка» жарылуы салдарынан 33 жастағы ер адам зардап шекті. Күйік шалған және қолының соғылған-жыртылған жарақаты бар науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Тағы бір жағдайда 18 жастағы бозбала сатып алынған фейерверктің барлық оқтары атылғанына көз жеткізбек болған кезде көзін жарақаттап алды. Медициналық тексеруден кейін ол ауруханаға жатудан бас тартты», — делінген мәлімдемеде.

Дәрігерлер Павлодар облысының тұрғындарынан салют пен фейерверк атуға жауапкершілікпен қарауды және өрт шыққан немесе өзге адамдарға зақым келген жағдайдағы жауапкершілікті ұмытпауды сұрайды.

Бұдан бөлек, ересектерді балалардың пиротехниканы бақылаусыз қолдануына жол бермеуге шақырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button