Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодар облысында жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып өлтірді

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге сәйкес, Ертіс ауылында жолдың жиегінде Shacman көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіге соқтығысты.

Көлік арнайы тұраққа қойылды.

«Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», — дейді департаменттегілер.

Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, әсіресе қозғалыс қарқынды бөліктерде қатаң сақтауды, көліктің техникалық жағдайын бақылауды және ауа райының өзгерістерін ескеруді ескертеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button