Жаңалықтар

Павлодар облысында жол-көлік апатынан 5 адам қайтыс болды

Павлодар облысында ірі жол апаты тіркеліп, бес бірдей адамның өмірін қиып кетті. Оқиға бүгін 23 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда тасжолының Бәйет ауылынан бес шақырым жерде болған, деп хабарлайды qandastar.kz.

Павлодар облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, соның салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты.

Алдын ала деректер бойынша, 23 қыркүйек күні «Павлодар–Қызылорда» автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі өртенді.

Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болу және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button