Павлодар облысында Toyota Camry жүк көлігінің астына кіріп кетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан 2 жолаушы қаза тауып, 2 адам жарақат алды.
Полиция Кұлақөл ауылы маңында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Павлодар-Қызылорда» автожолының 110-шы шақырымында Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі көрінуі шектеулі жағдайда арақашықтықты сақтамаған күйде, Shacman маркалы автокөліктің жүк арбасымен соқтығысқан», — делінген мәлімдемеде.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтау маңызды екенін ескертеді.



