Жаңалықтар
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кетті

Фото: pixabay
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл жан түршігерлік оқиға туралы жедел жәрдемге өтіп бара жатқан адам хабарлаған, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.
Бірінші кезектегі шұғыл шақырту бойынша оқиға орнына үш жедел жәрдем тобы жіберілді. Олар 6 минут ішінде жеткен. Екі бала ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел де ауыр хәлде Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Skifnews.kz жазғандай, сағат 02:08-де балалардың жасы белгілі болды, олардың бірі 1,5 жаста, екіншісі 5 жаста екен.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша, оқиға болған сәтте пәтерде зардап шеккендерден басқа ешкім болмаған.