Жаңалықтар

Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел сотталмайтын болды

Оқиға 2023 жылғы 30 шілдеде орын алды, сол күні әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секірген. Бұл жағдай Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған, деп жазады qandastar.kz.

Қаралған істе сот әйелдің ақыл-есінің дұрыс болмауын назарға ала отырып, оған қылмыстық жауапкершілікті тағайындамауды жөн көрді. ҚР заңдары бойынша, әйелдерге қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Осылайша, сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мамандандырылған психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жанна Нығыбаева «Қоғамдық қауіпті қылмыс жасау кезінде ақыл-есі дұрыс болмағандықтан, айыпталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мамандандырылған психиатриялық стационарда қарқынды бақылауда емдеуге жіберілсін», — деді үкімді оқығанда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button