Жаңалықтар
Павлодарда бір айдан бір айдан бері іздеуде болған ер адам табылды

Фото: ашық дереккөз
12 қаңтарда Ақсу қаласының полициясына Май ауданында тұратын бауырын іздеп жүрген туыстары көмек сұрап жүгінді. Олардың айтуынша, ер адам жалақысын алғаннан кейін жоғалып кеткен.
Полиция дереу жоғалған ауыл тұрғынын іздестіру шараларын ұйымдастырып, оны табу үшін облыстың жеке құрамын жұмылдырды, деп жазады qandastar.kz
«Іздеу шараларын жүргізу барысында 2 наурыз күні ер адам Май ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол сол жерде жұмысқа орналасқан. Жақындарымен байланысқа шықпау себебі – телефонының болмауы. Қазіргі уақытта ер адам туыстарына тапсырылды», – деді Павлодар облысы полиция департаменті.