
Танымал әзілкеш Зарина Байболова әлеуметтік желідегі парақшасында итті байлаған жүргізуші жайлы жазба жариялап, оны жауапқа тартуды сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеодан жүргізушінің итті көлікке байлап, жол үстімен сүйреп бара жатқанын көруге болады.
Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
Полиция иттің иесі мен жүргізушіні анықтап, оны жауапкершілікке тартты.
Иесінің айтуынша, ол итін жарысқа дайындап жатқан.
Иттің иесіне болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алу және жануарды дұрыс ұстауды қамтамасыз ету туралы алдын алу шаралары жүргізілді.
«Тиісті органдардың жауабынан кейін ит тексерілді және ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — дейді полицейлер.



