Жаңалықтар

Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыны соққыға жыққан

Фото: ашық дереккөз

Павлодарда мектеп күзетшісі мас болып 6-сынып оқушысын ұрып тастаған. Полиция күзетшінің мас болғаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті, деп хабарлайды qandastar.kz

Оқушыны кеудесінен ұрған мас күзетшіге әкімшілік іс қозғалды.

Оқиға кезінде куәгерлер дереу полицияға қоңырау шалған. Кейін шабуылдаушы дереу медициналық айықтырғышқа жіберілді.

«Қоғамдық орында мас болғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды және айыппұл салынды», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері Білім басқармасынан мас күзетшіні жұмысқа жібергені үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close