Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодарда өрттен екі бала қаза тапты: қайғы жамылған отбасыға пәтер беріледі

Ертіс ауданының әкімдігі тұрғын үйі өртеніп, екі баласынан айырылған отбасыға үш бөлмелі пәтер беретін болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Өрт салдарынан зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтер беріледі, қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық керек-жарақ сатып алынды. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да тиісті көмек көрсетіледі», — деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік қайғы жамылған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазір психологтар отбасы мүшелеріне көмек көрсетіп жатыр. Өрттің себептері анықталуда.

Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні таңертең Ертіс ауылында жер үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button