Павлодарда дәрігерлер үш жасар баланың көру қабілетін сақтап қалды, деп хабарлайды порталы.
Павлодар облыстық балалар ауруханасына ауыр көз жарақатымен үш жасар қыз бала шұғыл жеткізілген.
Бала үйде ойнап жүріп, абайсызда қайшыны көзіне сұғып алған.
Алғашында ата-анасы жарақаттың қаншалықты қауіпті екенін аңғармаған. Алайда көздің қатты қызаруы, жас ағуы және жарыққа сезімталдықтың күшеюі жағдайдың ауыр екенін аңғартқан.
Дәрігерлік тексеру кезінде көздің қасаң қабығы тесіліп, ішкі қабықтарының сыртқа шыққаны анықталған.
Офтальмологтар баланы бірден операция бөлмесіне жеткізіп, аса күрделі микрохирургиялық операция жасады.
Мамандар жыртылған қасаң қабықты тігіп, көздің анатомиялық тұтастығын қалпына келтірді. Ота сәтті өтті.
Нәтижесінде дәрігерлер баланың көзін ғана емес, көру қабілетін де толық сақтап қалды. Қазіргі таңда бала үйіне шығарылып, дәрігерлердің амбулаториялық бақылауында.


