Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодарда зейнеткерге шабуыл жасамақ болған күдікті анықталды (ВИДЕО)

Павлодарда зейнеткер әйелді тонауға әрекет жасаған күдікті ұсталды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полицияның мәліметінше, 11 наурыз күні құқық қорғау органдарына тонау әрекеті туралы хабарлама түскен. Камзин көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде, кейін подъезде белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік салынған пакеті мен әмиянын тартып алуға әрекет жасаған. Алайда ол оқиға орнынан қашып кеткен.

Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжановтың айтуынша, күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілген.

«Жедел қызметкерлер күдіктінің қашу бағыттарын және бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді. Нәтижесінде бұрын сотты болған Екібастұз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Жаслан Танжанов.

Аталған дерек бойынша тонауға оқталу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қалалық полиция тұрғындарды қырағы болуға және күдікті жағдайлар туралы бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button