Жаңалықтар

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты

Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz

Облыстық ПД мәліметінше, «Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Поляна» автожолында болған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алдын ала деректерге сәйкес, 30 тамыз күні «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылаудың маңыздылығын еске салады, — деп жазылған ПД хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close