Мазмұнға өту
qandastar.

Павлодарда жасанды интеллект алименттен қашып жүрген азаматты тауып берді

qandastar
Павлодарда жасанды интеллект алименттен қашып жүрген азаматты тауып берді

 

«Қорғау» ақылды жүйесі тыйым салынған көліктерді анықтап, белгі береді. Жүйе орнатылған полиция көлігі көшені патрульдеу кезінде ВАЗ-21150 автомашинасын тізгіндеп жүрген заң бұзушыны анықтаған.

«Көлік құралының иесі 2 млн теңгеге жуық алимент қарызын төлемей келген. Ал көліктің жүруіне тыйым салынған. Сот шешімінен жалтарып жүрген азамат тоқтатылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ер адам борышын толық өтегенше сонда тұрады», - деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінен.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp