Жаңалықтар
Павлодардағы пансионатта қарт адамдарды ұрып-соғып келген
Фото: ашық дереккөз
Павлодар қаласының прокуратурасы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, зейнеткерлерге қатысты зорлық-зомбылық жасалған жеке пансионатты анықтады, деп хабарлайды Alash.kz.
«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтану, қозғалыс еркіндігін шектеген, ұрып-соққан) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған тұрғындардың пәтерлерін жалға берген», – делінген хабарламада.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу ішкі істер органдарына тапсырылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің бабына сілтеме жасай отырып, басқа ақпарат жарияланбады.