Дін

«Педофилдің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген имам қазақтың «жеті ата» заңын жоққа шығарды

«Нұр-Мүбарак» университетінің имамы Нұржан Смағұловтың тағы бір видеосы адамдардың жағасын ұстатты, деп жазады qandastar.kz.

Жақында ғана «Педофилдің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген имам, енді қазақтың жазылмаған заңы «Жеті атаға толмай қыз алыспау» дәстүрін жоққа шығарды.

«Заңдық тұрғыдан жеті атаға жетпей үйленуге болмайды деген әңгіме жоқ. Егер ол әдеттік тұрғыдан жасалынбайтын нәрсе болса, заңға кіргізетін еді. Қазір сен немере қарындасыңа үйленсең саған заң рұқсат бермей қоя ала ма?», — дейді ол видеода.

Пікір білдірушілер өзін «ұстаз» деп атап жүрген Смағұловтың сөзін қатты сынға алды.

«Ой тексіз»,

«Ғылыми дәлелденген. Қыз алыспау деген. Гендік тұрғыдан ауру кездессе ауру бала дүниеге келу мүмкіндігі жоғарырақ. Егер жеті атадан асса 0% болады. Сондықтан бұл темада абайлау керек»,

«Заңда жоқ, өйткені қазақ туысына үйленбейді»,

«Міне біздің бүгінгі Имамдардың бет бейнесі!»,

«Қайдан шығып жатыр бұлар», — деп жазды пікір білдірушілер.

@abadan777t #ислам #дін #уағыз #қазақстан #саясат ♬ original sound — 🇰🇿ABADAN🇰🇿

Ұқсас Мақалалар

Back to top button