Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Педофилия үшін сотталған ақтөбелік TikTok-та стрим жүргізіп жүр

Ақтөбеде әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрып жатқан 43 жастағы ер адам TikTok-та тікелей эфирлерге шығып, өмір мен психология туралы әңгіме айтып жүр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Іnfo_aqtobe парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның аккаунты қазірге дейін шамамен 19 мың лайк жинаған.

Ер адам 16 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерге араласқаны үшін сотталғанын айтқанымен, кінәсін толық мойындамайды. Ол 2022 жылы бостандыққа шыққан және қазір әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрып жатыр.

Әлеуметтік желілерде ол өзін блогер деп атайды, жазылушыларымен белсенді қарым-қатынас жасайды. Ақтөбедегі орталыққа ол шамамен екі апта бұрын орналасқан.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button