ЖаңалықтарШоу бизнес

«Пендемін»: Нұрлан Албан бауырларынан кешірім сұрады

Танымал әнші Нұрлан Албан әлеуметтік желіде видео жариялап, жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші өзінің ет пен сүйектен жаралған пенде екенін айтып, осы жылды өкпе-ренішсіз аяқтағысы келетінін жеткізді.

«Бауырларым мен тілеулестерім! Алдыңыздан қия кескен жерім болса, үлкееееен кешірім сұраймын!» — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button