Қаржы және төлемдер
Перизат Қайрат тасқыннан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиардты «жеп қойған»
Фото: Ulysmedia коллажы
Қаржы мониторингі агенттігі (AFM) волонтер, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды qandastar.kz
Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам ақшаны ұрлады деген күдікке ілінді.
Агенттіктің мәліметінше, қайырымдылықтың негізгі бөлігі сәнді тауарлар мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған.
Осылайша, 2024 жылдың көктемінде күдікті астаналық салондардан 88 миллион теңгеге Mercedes-Benz S450, 80 миллион теңгеге Lexus LX-600 және 39 миллион теңгеге Haval көліктерін сатып алды.
Осы кезеңде Перизат Қайрат «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Vela Village коттедждер қалашығынан 600 миллион теңгеге сәнді жылжымайтын мүлік алған.
Сонымен қатар жылуға жиналған қаржыны жылы елдерде демалуға жұмсаған. Күдікті бірнеше рет Дубай, Доха, Лондон және Стамбул қалаларына демалуға барып, бес жұлдызды қонақ үйлерге қаржы жұмсағаны анықталды. Қылмыстық схеманы жүзеге асыру мақсатында ол жақын достары мен туыстарын тартқаны да ресми мәліметте айтылады.