Жаңалықтар

Перизат Қайратқа тағы бір айып тағылып отыр

Фото: Коллаж Ulysmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісін тергеуге қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайратқа Палестинаға көмекке, су тасқыны кезінде жиналған қаражатты жымқырудан бөлек тағы бір дерек анықталғанын мәлімдеді.

«Қаңтарда қосымша бір дерек тіркелді. Ол мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталық ашамын деп аукцион ұйымдастырып, 22 миллион теңге қаржы жинаған. Бірақ қаржыны өз қажетіне жұмсаған. Барлық деректер бойынша жымқырылған қаржыны қоса есептедік. Бұл қаражатты, бұған дейін айтқанымыздай, жеке үй, көліктер мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған», – деді ол.

Жеңіс Елемесовтің айтуынша, Перизат Қайраттың ісін тергеу аяқталуға жақын. Наурыз айының басында іспен танысу басталады дейді. Ал күдіктілердің қатарына қосылған Перизат Қайраттың анасы қамауға алынбаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close