ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Перизат Қайраттың псевдо-қайырымдылық схемасы қалай жұмыс істеген?

Фото: ашық дереккөз

Перизат Қайратқа қатысты тағы бір қылмыстық эпизод анықталды. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын тұрғызуға жиналған қаражатты талан-таражға салу күдігі бойынша жаңа тергеу басталған. Белгілі болғандай, Перизат Қайрат 2021 жылдың қарашасында Ақмола облысындағы «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын тұрғызу үшін қайырымдылық аукционын өткізген, деп жазды qandastar.kz

Көпшіліктің сенімін арттыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-анасын да іс-шараға шақырған.

Қайрат жариялаған жалған мәліметке сәйкес, аукционнан 48 миллион теңге жиналып, 100 миллион теңгелік ғимарат сыйға тартылғандай болыпты. Алайда тергеу нұсқасы бойынша шын мәнінде 22 миллион теңге ғана жиналған, және сол қаражатты күдікті өз қажетіне жұмсап жіберген. Бұдан бөлек, Қайрат «Батыр» қоғамдық бірлестігіне 30 миллион теңгелік жер телімін алып бердім деп мәлімдегенімен, бұл участокты бірлестік 2019 жылы-ақ өз бетімен сатып алғаны анықталды. Оңалту орталығының құрылысы сол күйі басталмаған, «орталыққа берілді» деген ғимарат та жоқ болып шықты. Еске сала кетсек, бұған дейін Перизат Қайратқа көктемгі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылған. Алдын ала дерек бойынша қайырымдылықтан түскен ақша заңсыз схемалар арқылы күдіктінің жеке мүддесіне бағытталған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close