Білім
Петиция жарияланбақ: Түлектер гранттың су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушыларына берілгеніне наразы
Фото: видеодан скриншот
Желіде мектеп бітіруші түлек гранттың басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушыларына үлестіргенін айтып, жылады, деп хабарлайды qandastar.kz.
Наразы ата-аналар мен талапкерлер петиция жариялауға дайын.
“ Гранттың 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне бөлінді.
Министрліктен грантты бөлу қағидасын қайта қарауды сұраймыз. Төтенше жағдайда қалған аймақтың түлектеріне бөлек грант бөлінсін”, – делінген енді жарияланатын петиция мәтінінде.
Түлектер туризм мамандығына 97 баллмен түспедік, бірақ кейбіреулер 52 баллмен оп-оңай өтіп кетті деп налып отыр.
“105 баллмен ешқандай мамандыққа грантқа ілікпедім, ал мен қалаған мамандыққа жұрттар 70-80 баллмен өтіп кетіпті, бұл орынсыз”, “112 баллмен грантқа түспедім, ал менің мамандығыма көбі 60-70 баллмен өтіпті”,себебі көп аймақты су басты” – деп жазды олар.
Айта кетейік, жақында Қазақстандағы білім гранты иегерлерінің тізімі шыққан еді. Бұл ретте бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов грантқа түспей қалған түлектерге кеңес беріп, күрсінбеуге шақырды.