Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласында тұрақты табысы бар 33 жастағы тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны үшінші қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстады, деп жазады qandastar.kz
Жеке тінту барысында ер адамның жанынан түсті зат салынған жиырма екі түйіншек тәркіленді. Полиция қызмкеткерлерінің мәліметінше, сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы үш түйіншек табылған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен 25 грамды құрайтын α-PvP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ер адам 2025 жылдың қараша айынан бері есірткі сатуымен айналысқан, – делінген хабарламада.
Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға жібергені үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.



