Жаңалықтар

Петропавлда соттың төрағасы ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы ұсталды, деп жазды qandastar.kz

Қазақстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды», – делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Тергеу органдарының мәліметінше, сот қамауда ұстауға санкция берді, күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close