Жаңалықтар

«Пікір жоқ…»: Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынуына қатысты

Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған стендап-комик Нұрлан Сабуров Мәскеудің Внуково әуежайынан Қазақстанға ұшар алдында РЕН ТВ тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Qandastar сайты  Tengri Life порталына сілтеп.

«Әзірге пікір жоқ. Кешіңіз жақсы өтсін», – деді ол журналистің алдағы жоспарлары туралы сұрағына.

7 ақпан күні таңертең Сабуров Алматыға ұшып келіп, журналистерден қашқақтап, VIP аймақ арқылы шыққан. Әуежай қызметкерлері VIP аймақта ешкімді күтпегенін айтқан. Комик көрінген сәтте түсірілім жасауға кедергі келтірілген.

«Түсірмеңіздер», – деп бірнеше рет ескерткен әуежай қызметкері.

Сабуров кейін көлікке отырып, әуежай аумағынан тез кетіп қалған.

Бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Болжам бойынша, бұл шешім оның Ресейдің Украинаға қарсы соғысын сынауына байланысты болуы мүмкін. Комик Дубайдан демалыстан оралған соң Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталған.

Артист тыйым салынғанын Мәскеуге қонғаннан кейін, шекаралық бақылаудан өтіп жатқан кезде білген. БАҚ мәліметінше, ол Дубайға тегін депортациядан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Сабуровтың өзі де, заңды өкілдері де Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне жүгінбегенін мәлімдеді. Сондай-ақ ресейлік құзырлы органдардан оның ұсталғаны туралы ақпарат түспеген.

Back to top button